Ұлыма
Бұл бетте «Ұлыма» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 6
- 57552
Жүре-жүре мен өмірге қанықтым,
Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым.
Қызбалақтық күндерімді ұзатын,
Енді, міне, әке боп та қалыппын.
Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!
Ұғып ал да, сақ болып өс, айтайын,
Өмір жолын әкең былай бастаған.
Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім,
Ал анамның ақылына көнбедім.
Тіпті, кеше оқушылық кезде де,
Тізгінімді ешбір жанға бермедім.
Өмірімде бір иілген емеспін,
Менмендігі менен өткен жоқ ешкім.
Боламын деп «жалын жүрек, от кеуде»
Бола алмай, қуыс кеуде боп өстім.
Енді, міне, ұлым маған қарайды,
Өткір көзін өңменіме қадайды.
Көп қателік жіберіппін амал не?
Кешір, ұлым, мойындадым, жарайды!
Ақылды да даналы сөздер. тəлім тəрбие беруге тұрарлықтай əндер. осындай жазбаша түрлері көбірек болса екен деймін.
маған мұқағали атамыздың өлеңдері қатты ұнайды
Күшті жазған Мұқағали атамыз ешқашанда сөнбесін есімі осы тарих бетінен есте жүрсін осындаи ақын жазушылар батырлар.
Керемет мен мұқағали атамыздың өлеңдері қатты ұнатам
Пайдама жарады, рахмет!
Мұқағали Мақатаев атамыздың өлеңдерін қанша оқысаңда жалықпайсың керемет. Мен сол Қарасазда туылғаныма мақтанамын!