Мен баламын – Әділет Тоқтамысов

Бұл бетте «Мен баламын» атты Әділет Тоқтамысов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен - баламын, боздалаған ботамын
Іңгәні ырғақпенен салғанмын
Жер-көкте таппас қазынамды
Анамның ақ кеудесінен тапқанмын

Мен - баламын, ойынменен баптанамын
Қозыдай шулап, шаттанамын
Етек-жеңді шаңдатып
Шынығып келем қатайып

Қадамымды сен секілді басамын
Қылығыңды нұсқа етіп барамын
Тәлім-тәрбием ісіңде алдыменен
Сонан кейін даналығың берілер тіліңменен

Мен баламын, қиялдаймын, асқақтаймын
Армандаудан жалықпаймын
Үміт шамын жақсам деймін сіздерге
Қызығымды көрсе деймін өмірде

Сырым бар ашар сендерге
Тербетіліп өмір атты теңізде
Қос аққудай әкем мен анам жүзе берсе
Ең бақытты мен боламын әлемде


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен баламын өлеңінің авторы кім?

Әділет Тоқтамысов — осы өлеңнің авторы.

Мен баламын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен баламын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділет Тоқтамысов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен баламын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері