Аққулар сыры

Бұл бетте «Аққулар сыры» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аяулым менің, ажарың қандай,
тұрамын шалқып назарымды алмай?!
Қолаң шашыңды тараған кезде,
қаламын толқып амалым қалмай.

Асылым менің, көздерің қандай,
жанымды тербер сөздерің балдай?!
Әлемде мынау бақыттың дәмін,
өзіңсіз, жаным, сеземін қалай?

Жарасып аққу-өмірдің сыры,
ғашықтық тұнған көңілдің нұры.
Махаббат-өзен арнадан асып,
жүректің жыры төгілді бүгін.

Арайлым менің, тілегің қандай,
ашылып айтшы білегіңді алмай?!
Жалғанда мынау уақыттың мәнін,
өзіңсіз, еркем, білемін қалай?!

Ардақтым менің, тағатың қандай,
болаттан соғып, жаратылғандай.
Назданып мені шақырған кезде,
жетемін саған қанатым талмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққулар сыры өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Аққулар сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққулар сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққулар сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері