Кел, бауырым!

Бұл бетте «Кел, бауырым!» атты Жұмағали Саин жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2881
Кел, бауырым!
Орыс ұлы өзімсін.
Ақыл, ойым, аузындағы сөзісің
Шаршағанда сүйенетін тірегім,
Әрқашан да жарық берер көзісің.
Кел, бауырым!
Той, мереке жасайын,
Саған ыстық құшағымды ашайын.
Тың жерлерді сенімен бір жыртайын,
Енбек әнін сенімен бір шырқайын.
Кел, бауырым!
Партия ұран тастады,
Тағы да зор игілікке бастады.
Сол ұранға жұмылайық бірлікпен
Орыс, қазақ, Украина жастары.
Барлық план ыстықпенен қайыссын!
Әйел, ерлер ұлы еңбекте сайыссын!
Баданадай бидай нық тіресіп,
Көтере алмай жердің белі майыссын.
Баста өздерің!
Ерсін бәрі соңыңнан!
Далаға орнат еңбек қосын қолыңнан!
Көрсін әлем қаптағанын байлықтың
Істеріңнен, басып кеткен жолыңнан.
Ауыл қала, зәулім үйлер құрылсын,
Зор бірлікпен ауыл - қала жұмылсын.
Жеңісіңнің таңғажайып көркіне,
Сырт қараған дұшпан көзі сүрінсін.
Кел, бауырым!
Келші, көзім қарасы!
Құшақ жайды Қазақстан даласы.
Достық әнін құшақтаса шырқайық
Орыс, қазақ Украина баласы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кел, бауырым! өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Кел, бауырым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кел, бауырым! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кел, бауырым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері