Маза жоқ майыңда да тұз болмаса – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Маза жоқ майыңда да тұз болмаса» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2617
Маза жоқ майыңда да, тұз болмаса,
Көркеймес көңілің ұл мен қыз болмаса.
Алысқа, арып-ашпай, бара алмайсың,
Көнеден келе жатқан із болмаса.
Болмайды бас-аяғың тіпте бүтін,
Үйінде ине - созан, біз болмаса.
Еккенің өнбей қалып, өкіренсің,
Жерінде жаңбыр мен су, сыз болмаса.
Мұқтажың туысқаннан түгелденер,
Өкпелеп өкпе, бауырың мұз болмаса.
Туымды ер тоқсанда да толқымайды,
Жұттай-ақ жұртты құртқан жүз болмаса.
Қадірін қонған бақтың білмейді ешкім,
Тарығып, тартып мінажат, мыж болмаса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маза жоқ майыңда да тұз болмаса өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Маза жоқ майыңда да тұз болмаса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маза жоқ майыңда да тұз болмаса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маза жоқ майыңда да тұз болмаса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері