Әкеме – Наргүл Қайыржан

Бұл бетте «Әкеме» атты Наргүл Қайыржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ардағымсың, әкетайым, асқарым.
Қанатымсың, бар байлығым, аспаным.
Сенің арқан бүгінгі күн көргеніміз,
Жанымдасын керегі не басқанын?!

Өмірімнің мәні сенсің - әкем-барым.
Алдында тік тұрғызар ем әке бәрін.
Жетпейді ғой, бұдан көпке лайықтысын.
Нұрын жауып жарылқасын сені Тәңір.

Қорғанымсың, сүйенішім - әкешім.
Сый-құрметпен мақтан тұтам әке шын.
Өзің барда, сөнбейміз ғой, өшпейміз.
Аман жүріп қуантқайсың үй-ішін.

Тәрбиен тек жақсылыққа беттейді,
Сен сілтеген жолдан тайып кетпеймін.
"Қара қызым" деген бір-ақ сөзіне,
Бұл дүниеде ештеңе де жетпейді.


Пікірлер (3)

Нұрым

Әдемі жазылған!

Бекзат

Әдемі супер

Қазақ

Өте күшті жазылған

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар