Бөгемей сезім тасқынын

Бұл бетте «Бөгемей сезім тасқынын» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1176
Бөгемей сезім тасқынын,
Жарқылдап өтті жас күнім.
Мойныма кейде батады
Құс жүнін салған жастығым.

Өтсе де зулап неше күн,
Біледі өмір есебін.
Тәніме кейде батады
Түбіттей жұмсақ төсегім.

Жастығым, жанған өрт едің,
Тұманды күн бе ертеңім?!
Соғады кейде суық жел
Астынан қалың көрпенің.

Тұрғанда денем тоңазып,
Кетеді көңіл құлазып.
Жабырқау жанды жұбатып,
Отырам сосын жыр жазып…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері