Өмір сүргім келеді – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Өмір сүргім келеді» атты Ерлан Ахмет жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жастық әнін салдырған,
Жанға ләззат қалдырған,
Балаусалы балдырған
Өмір сүргім келеді.
Бақыт шамын жандырған,
Қызығына қандырған,
Ғашықтыққа жан құрбан,
Өмір сүргім келеді.

Ай-хай, өмір-ай,
Пай-пай, көңіл-ай.
Қайран өмір-ай,
Сайран көңіл-ай.

Сезім берген жауындай,
Өр мінезді дауылдай,
Тәттілігі қауындай
Өмір сүргім келеді.
Арайланған таңымдай,
Сағындырған ауылды(-ай),
Ағайындай, бауырдай
Өмір сүргім келеді.

Болашағын бағатын,
Бойтұмарын тағатын,
Өзендей боп ағатын
Өмір сүргім келеді.
Таусылғанша тағатым,
Тоқтағанша сағатым,
Күнге қанат қағатын
Өмір сүргім келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір сүргім келеді өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Өмір сүргім келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір сүргім келеді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір сүргім келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері