Бойымда байырғы аза мұң

Бұл бетте «Бойымда байырғы аза мұң» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1352
Бойымда байырғы аза мұң,
Ақымақ хаттарды несіне жазамын?
Өзіңе кезігіп,
Сезімге күң болдым
Десем де күнәдан тазамын.
Сәттерде есімнен жаңылам,
Ойда – өлең, құшақта жаңыл-ән.
Сені ойлап ұйқымнан қағылып,
Құштарлық төсіне таңылам.
Көруге ынтықпын таң сайын,
Күтумен өтуде қанша айым?!
Сен ғана іңкәрім іздеген,
Мен сендік ханшайым!
Болмайды жолыңда қаза мұң,
Жауапсыз хаттарды несіне жазамын?
Жарқ етіп жолығып,
Зар еттің көрінбей
Сағыныш – торында азамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойымда байырғы аза мұң өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Бойымда байырғы аза мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бойымда байырғы аза мұң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойымда байырғы аза мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері