Екі дос – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Екі дос» атты Жұмағали Саин жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 1
  • 8455
Көркем кеш Алматының қаласында,
(Нелер сұлу өмірдің бәрі осында)
Кездесті ойда жоқта бір екі дос,
Сапырылысқан халықтың арасында...
Керді де анадайдан, тоқтай қалып,
Қарсы ұмтылды, ел тобын киіп-жарып.
Бұлар неткен жандар деп кейбіреулер
Одырайып қарасты оқшау барып.
Жайысып сонадайдан құшақтарын,
Ұмтылысты көргендей ғашық жарын,
Қатты қысты бір-бірін, ұзақ сүйіп,
Қос жүректен лаулаған шықты жалын.
Достар еді екеуі:талай жылдар —
Көрмеген; әрине көп, айтар сырлар,
Еңбек бар, қуаныш бар, сағыныш бар
Құмға тоғай, шөлдерге еккен гүл бар.
Құмар қана сөйлесті, кімнің, қайда
Болғанын, іс еткенін қандай жайда.
Не айтпақ, не сұрамақ сағынғандар,
Ендігісін, оқушым, өзің ойла.


Пікірлер (1)

Еркеназ

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі дос өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Екі дос өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі дос өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Екі дос өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері