Сыншыларға – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Сыншыларға» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1581
(Ілияс Жансүгіровке еліктеп)

«Ей қосаяқ, шара бас,
Жарғақ құлақ жаңалаш»—
Алдыңда қалам, қарындаш,
Қабағын, түйіп жалан, бас.
Отырсыңдар қинап жан.
«Сын» дегенің бейне нан.
Тіссіз кәрі шайнаған
Түршіккендей жан - дене
Еттей шала қайнаған.
Будақ-будақ шығады,
Суырсаңдар қалтаңнан.
—«Қашан - қашан қашаннан»,
Ісің ботқа, түсің жан.
— Ей қосаяқ, әлсіз жан,
Жетеді неге құр ынтаң?
Қатеңді айтса қарысар,
Сендер тентек, сендер паң,
Күл - күйелеш, қым-қиғаш,
Бір өлеңді сынасаң,
Сыныңның іші құрғақтау,
Толған леп, таңырқау (?!)
Көп ноқат та, көп сұрау (...???)
Толған мылжың қайталау.
Сыныңа керек көп қырнау,
(Қырнаған адам саған жау).
Ағылған осы «күшіңді»
Болар ма тартып шамалау?
«Қашан, қашан, қашаннан»,
Ісің ботқа, түсің жан.
— «Ей, қосаяқ, шара бас!»
— Ей ұр да жық «жалаңаш»!
Сыншы атағын жамылған;
Зиректер мен Ықылас,
Аттарың көп жаттаған,
Атағы бар сыншыдан,
Күндерің бар біразын —
Судыратып оқыған.
— Ей ер жеткір, ей сыншы,
Түсіндің не, сен одан?
Қашан, қашан, қашаннан
Ісің ботқа, түсің жан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыншыларға өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Сыншыларға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыншыларға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыншыларға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері