Жігіт пен қыз – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Жігіт пен қыз» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 6115
Жігітке бір күн айтты қыз,
Жұмбағым бар тапшы деп,
Жігіт айтты: «сөзіңіз —
Жұмбақсыз да жақсы»— деп,
— Жоқ, ойынды қойыңыз!
Жұмбағымды шешесіз!
Шын сөзіңді неге сіз
Бұлай қалжың етесіз!—
Жігіт күлді қарқылдап,
Серігінің сөзіме.
Шаңқай түсте жарқылдап,
Кетті ол Мұның көзіне...
Білем сенің ойыңды...
Еске салдың несіне!
Өткізерміз тойынды,
Октябрьдің кешіне.
— Жоқ, ол емес, таппадың,
Айттың өзің ойынды.
Басқа жолға аттадым,
Кейін тастап тойымды.'
Екі беті ду етті
Әлде неге жігіттің..
Күдік басты жүректі
Сөнердей үміттің.
Терең ойға қамалды,
Қыз «жұмбағы» тапқызбай.
Біздей күдік қадалды,
Жігітке тіл қатқызбай.
Отырды ол, күлді қыз.
— Неге сонша қысылдың?
— Тура айтсаңшы жұмбақсыз,
Оспағыңа түсіндім...
— Түсінбедің, ұқтым мен —
Сені уайым қаптады...
Байқап тұрмын жүзіңнен,
Айтқандарым жақпады.
Жолым менің ардақты,
Қуанар жол, өсер жол,
Міндет ауыр салмақты,
Тілектес бол, есен бол!
Колхоз — жерім тұрақты,
Сонда ендігі мекенім.
Шөлде ағызам бұлақты,
Даланы гүл етемін.
Оқуыңды бітіріп,
Келер жылы сен де кел!
Керек онда агроном,
Керек онда инженер.
Жігіт қызға қарады,
Көзінен нұр тамғандай.
Жаны төзбей барады,
Жүрегінде от жанғандай...
Күлді екеуі мәз болып
Жастық— болашағына.
Бір сүйгені аз болып,
Сүйді жігіт тағы да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт пен қыз өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Жігіт пен қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт пен қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіт пен қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері