Бұл бетте «Ағатай» атты Әділет Тоқтамысов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Асыл болған ағатай
Жарқын едің апыр-ай
Оздың ерте өмірден
Қалдырдың бізді кенеттен
Өткенімен көп жылдар
Орның толмас, мұным рас
Әулетке үлгі Сен едің
Нұрыңды шашып жүр едің
Анаңа болдың қолғанат
Сыйладың оған шапағат
Аузынан атың түспеді
Орның бөлек тау еді
Әу бастан ерте есейдің
Еңбекте нағыз нар едің
Ұйытқы болдың туысқа
Көздерің жанып, қауышса
Күлкің болса тас жарар
Жүректе жылу оятар
Балаға көңілің кең еді
Жинасаң рақат сол еді
Жазымыз өтті әр жылда
Алатаудың баурайында
Балалық кез балданды
Көңіліміз әбден шаттанды
Табанды біз шаңдаттық
Көкке талай аунадық
Сағынышпен еске аламын
Ойға батып толғанамын
Шаттыққа болдың себепкер
Қайтып келмес сол сәттер
Ойыма бірақ көп келер
Орны толмас ол күндер
Қолымды жайдым Аллаға
Сұрадым иман жаныңа
Болсын торқа топырағың
Жұмақтан көрінсін орының
Жеңгейге енді күш керек
Қызығы көрер көбірек
Етсін нәсіп бір Құдай
Болсын лайым дәл солай
Ұрпағың өнсін аман-сау
Жалғасын тапсын осынау
Тілекші болып келеміз
Дұғаға қосып жүреміз
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі