Табиғат жұлдыздардан шашу шашып –
Тәкен Әлімқұлов
Бұл бетте «Табиғат жұлдыздардан шашу шашып» атты Тәкен Әлімқұлов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Табиғат жұлдыздардан шашу шашып,
Шалғайдан Айды қойған көлеңдетіп.
Киініп жасыл киім болған ғашық
Жер шары өзендермен өлеңдетіп.
Жиналған бикештердей бастаңғыға,
Үркерлер ым қаққанда Ай – жеңгесіне;
Айдың тарғыл балғасын жастанды да,
Барып қонды ракета кеудесіне.
Барып қонды ракета кеудесіне,
Аңыз болған Айдың сол сырын тыңдап.
Түседі музыкадай кейде есіме
Сорғалап ызыңдаған сол бір жұмбақ.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі