Күздегі желді күнгі қара жаңбыр

Бұл бетте «Күздегі желді күнгі қара жаңбыр» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 544
Жын менен
Пері соққандай
Неткен
Дүлейлі шабыт бұл!—
Қарсы бетімнен
Желмен ұйтқыған
Қап-қара жаңбыр
Жауып тұр.
Айнала тіршілік
Бүк түсіп
Есінен таныпты, –
Мойынын ішіне тығып,
Бейшара хал кешіп
Бүрісіп қалыпты.
Әне бір ағаш
Жұлым-жұлым
Тұлдыр етегі –
Жаурап тоңған
Қайыршы секілді
Дір-дір етеді.
Үдеген сайын үдеріп
Сатырлап құтыруын-ай!
Мына жаңбырдың
Долы әйелдің қолындағы
Сояу-сояу
Сулы сыпырғыш құсап
Лас қаланы
Шуылдап сыпыруын-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күздегі желді күнгі қара жаңбыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күздегі желді күнгі қара жаңбыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күздегі желді күнгі қара жаңбыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күздегі желді күнгі қара жаңбыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері