Сыныққа сылтау іздеп мен келгенде – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Сыныққа сылтау іздеп мен келгенде» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1063
Сыныққа сылтау іздеп мен келгенде,
сен енді сала берме сергелдеңге,
ешкім жоқ екеумізді аңдып тұрған,
бірдеңе дерміз, тіпті, көргендерге...
Қашасың ананы айтып, мынаны айтып,
барады-ау со қылығың ұнамай түк...
Апыр-ау, сені көрмей тұрғанда мен
жүргенмін бұл өмірде, жүдә қайтып!!
Білмедім азабың ба, мазағың ба,
батырып қойдың мені таза мұңға.
Қалқам-ай, қарап тұрып қашқақтарлық,
кімің бар менен жақсы қазағында?!
Салардай келеке мен келемежге,
кімің бар қадірліден менен өзге,
еркек боп есіріктің оңбасын да,
білемін қонбасын да бедел езге!
Әрі өтем ауылыңнан Алакөлге,
бері өтем — жол тостырып тамам елге.
Сыныққа сылтау іздеп,
қашқалақтап
мені сен сергелдеңге сала берме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыныққа сылтау іздеп мен келгенде өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Сыныққа сылтау іздеп мен келгенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыныққа сылтау іздеп мен келгенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыныққа сылтау іздеп мен келгенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері