Ағаш – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ағаш» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 901
Маңайына ұнар бәлки, ұнамас,
күні жетсе — құлар бәлки, құламас,
жапан түзде
жапырағы жайқалып,
жалғыз өсіп тұрушы еді бір ағаш.
Туған жердің табан тіреп тасына
тұрушы еді бұлттан бойын асыра,
бір тоқтамай өте алмайтын көргендер,
құстар ұшып жете алмайтын басына.
Жауыныңа,
дауылыңа ырғалмай,
төңірегі шөп-шалаңға шырмалмай,
түз өтінде жапа-жалғыз маңқиып,
осы араның күзетінде тұрғандай,
қаншама жыл ұнап аспан,
ұнап тау,
тұрушы еді елден мойны жырақтау.
Көңіліне қарамады, тағдырдың,—
аралады, жаралады —
құлатты-ау!
Тірлігінде болмаса да бақталас,
құлағанды кімдер ғана таптамас.
Қыратқа да,
бұлаққа да қарамай,
құла дүзде құлап қана жатты ағаш...
Қызыл-жасыл қыз дүние жырақ қап,
қала берді қыр беткейді тұрақтап.
Қыран ұшып жете алмайтын басына
енді келіп, кім көрінген жүр-аттап! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаш өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері