Аяулымсың – әнімсің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аяулымсың – әнімсің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2119
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Талмай жұтып тамаша таң самалын,
Шаттық кернеп кеудемді, тамсанамын.
Арман қуып алаңсыз жүргенімде,
Ардағым боп жолықтың, аңсағаным.

Қайырмасы:
Аяулымсың, әнімсің,
Арайлымсың, таңымсың.
Бойымдағы сәнімсің,
Ойымдағы нәрімсің.
Шаттық сыйлар жаныма
Күнде шырқар әнімсің.

Арасынан жарқ етіп сағым нұрдың,
Жанымды ұғар бір жанның барын білдім.
Таңғы шықтай сезімді табындырдың,
Табыңдырдың, өзіңді сағындырдың.

Қайырмасы:

Айдын көлде ақ жібек желкенім боп,
Желкенім боп көріндің, көркемім боп,
Арман бар ма бірге өтсе бал күндерім,
Еліктірдің сен мені ертегім боп.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяулымсың – әнімсің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аяулымсың – әнімсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяулымсың – әнімсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяулымсың – әнімсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері