Өлең, жыр, ақындар

Нан туралы өлең

  • admin
  • 04.09.2024
  • 0
  • 0
  • 255
О, адамдар, айтарым бар,
... Нанды баспаңдар!

Онда қол жетпейтін аспан бар,
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтініп сұраймын,
Ана бол, дана бол, бала бол,
Нанды баспаңдар!

Ол биіктен төгілген
Мөп - мөлдір
Зәмзәм суынан өседі,
Нан – өмір.
Нанға «пірім» деп,
Нанға «жарым» деп,
Табынам.
Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан,
Даланың қанынан
Өседі.

Нанға үлкен жүрекпен
Қараңдар!
Нанды өмір деп санаңдар.
Нан болмаса,
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
... Нансыз тыныштық та болмайды,
Көкіректі мұң,
Жерді шаң торлайды.
Екі ел бірін - бірі жалмайды.
Елімнің құдіретін асырып тұрған,
Менің де, сенің де, оның да
Мерейін үстем ғып тұрған
Дән емес пе?
Дән – ән емес пе,
Дән – нәр емес пе?
Дән – нәресте,
Дән – тіршілік тоқтамайтын...

О, адамдар!
Тіршілік арнасын сақтаңдар.
Диқанның еңбегін
Тер төгіп ақтаңдар.
Әр дәнді жоғалтпай,
Өмірдей сақтаңдар!

О, адамдар! Кең пейілдер!
Бір дән жолда жатса,
Ұлылықпен еңкейіңдер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Домбыра

  • 0
  • 0

Домбыра
Егіз сәби үніндей іңгәлаған,
Домбыраның әуенін тыңда балам.
Кәрім Сауғабаев

Толық

Қарап көріңіз