Аңсағаным көп еді бұл өмірде – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Аңсағаным көп еді бұл өмірде» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 737
Аңсағаным көп еді бұл өмірде,
Бас байлайтын жан емен тірі өлімге.
Қол жеткізбей барады арман шіркін,
Өлең, шарап отырмыз, міне, бірге.
Кесе толы шарапты алдыма алып,
Дүниеде мендей-ақ зарлық анық.
Көз жасымды қосамын шарабыма,
Жеткізбеді ұшпаққа тар күн анық.
Нем қалды деп, құдай-ау, енді менің,
Терезеден көшеге телміремін.
Бір жігіт пен көрші қыз сүйісіп тұр,
Қуырылып жүрегім өлді менің.
Көз алдымда қыпша бел – уың тұрды,
Бір ысытып, денемді суындырды.
Ағыл-тегіл жаңбырдай көктемдегі,
Сорлы шарап жанымды жуындырды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері