Өлең, жыр, ақындар

Күзгі көңіл

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 712
Күз жылайды күнiмен, күз жылайды түнiмен,
тұнжырайды күнiмен, тұнжырайды түнiмен.
Жұмсақ, бiрақ ап-ауыр дыбысы оның қосылар
кеудемдегi сарғайған сағыныштың үнiмен.
Күз жылайды күнiмен, күз жылайды түнiмен.
Қайда кеткен, бiлмеймiн, жүректегi құс әнi,
жалғыздықтың құшағы, менi келiп қысады.
Сағыныштың саздары дiр еткiзiп денемдi
жапырақ боп үзiлiп, жапырақ боп ұшады.
Ойларым да дәл қазiр ойларындай ғарiптiң,
көздерiне үңiлем санамдағы жарықтың.
Тұман түсiп кеудеме,
арман менен үмiттiң
ұшатұғын, қонатын аэропорты жабық тұр.
Тұла бойды қыздырып шабыт болып жанбайды от,
қол созым жер көрiнер шексiз, алыс, шалғай боп.
Көкiректен ұшатын жырларым да шып-шымыр
бүрiседi үрпиiп бұтақтағы торғай боп.
Салым суға кеткендей мұнша неге жабықтым,
қайда кеткен, бiлмеймiн, жалын оты шабыттың.
Жүрегiмнiң үстiне жапырақтар үзiлiп,
жүрегiмнiң үстiне күзгi жаңбыр жауып тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күмән мен күдік кезеңі

  • 0
  • 0

Ертеңнің есігінде
Кірдің тасындай
Ап-ауыр құлып тұрды...
Елдің ішіне

Толық

Байқа

  • 0
  • 0

Тау-тау толқындарды
Қос қолыңмен тіреп
Тоқтата аласың ба?—
Лақтырып жібереді.

Толық

Шоқан

  • 0
  • 0

Болсын мейлi тұманы,
бұл сөзден сен үрiкпе.
Ақиқаттан туады,
кейде болжам, күдiк те!

Толық

Қарап көріңіз