Өлең, жыр, ақындар

Н... келінге

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2296
Күнде үйіңнен шығасың ширатылып,
Қалсын дүниең бәрі бір қиратылып.
Қазаныңның қақпағын итің жалап,
Қасықтарың, жатады қиға асылып...
Алақандай бетіңді уқалаумен,
Төсегіңе жатасың күн батырып.
Көкірекше, көйлегің салтақ-салтақ,
Жылы өтекке көрмеген бір басылып.
* * *
Ертеңгісін тұрасың мыж-мыж болып,
Түс кезінде шығасың бір қыз болып...
Кешке жақын келесің қаз қалпыңа,
Қыз дәуірің тек ғана күндіз болып...
Сезбейсің соныңды келін осы,
Сенетінің кім ылғи сенің осы?..
Құр сылпыңды әуес қып жүре бермей,
Я әрі боп, болмаса бері болшы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Н... келінге өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Н... келінге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Н... келінге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Н... келінге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері