Сағыныш – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сағыныш» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2007
Көңілім сені ойласам алып ұшты,
Қиялым тәтті үміттің балын ішті.
Қайдасың, кеттің қайда, ерке сәулем,
Мендегі сезесің бе сағынышты?

Қайырмасы:
Ақ гүлім­ау,
Пәк гүлім­ау,
Жаралғандай арайдан.
Келші өзің,
Қаракөзім,
Алтын айнам!

Билейді құстар келсе сезім бөлек,
Ойлаймын соның бірі өзің бе деп.
Үңілем жаңбыр жауса мөлдір шыққа,
Өзіңнің мөлдіреген көзің бе деп.

Қайырмасы.

Сарғайдым, жүрегіме мұң байланып,
Қараймын суретіңе күнде ойланып.
Гүл едің үлбіреген, нәзігім­ау,
Әлде сен кеттің бе екен гүлге айналып?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері