Еркелейік еркін бір – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Еркелейік еркін бір» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 952
Сарыарқа, самалды өлке, сағымды өлке,
Арманға бөлеп едің жанымды ерте.
Сағынып келдім сені, құшағыңды аш,
Қабыл ал қарлығаштай әнімді ерке.

Қайырмасы:
А­-хау, Арқа,
А­-хау, Арқа,
Желпіндір.
Кең далада еркін шалқып,
Еркелейік еркін бір.

Сарыарқа, сағымыңды келем кешіп,
Қарайды көк тауларың елеңдесіп.
Жүгіріп шықты алдымнан бұлақтарың,
Көлдерің көз ұшынан сәлемдесіп.

Қайырмасы.

Сарыарқа, дән өлкесі, ән өлкесі,
Өзіңсің әлемдегі жер еркесі.
Көрінер маған ыстық өзге түгіл,
Аядай ақ бұлтыңның көлеңкесі.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері