Қайран күндер-ай! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қайран күндер-ай!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1604
Тай­-құлындай ойнаған,
Ой, ойнаған!
Тамашаға тоймаған,
Таң атқанша тойлаған,
Қайран күндер-ай!
Қорғасындай балқыған,
Ой, балқыған!
Айдын­-көлдей шалқыған,
Аққу-қаздай қалқыған,
Қайран күндер-ай!
Ажыраспай достардан,
Ой, достардан!
Тауды бұзып, тас жарған,
Махаббатқа мас болған,
Қайран күндер-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері