Өлең, жыр, ақындар

Өмір деген бұтақты зор қарағай

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 493
Өмір деген бұтақты зор қарағай,
Асығады құшуға таңдағы арай.
Бір жапырақ тартады көкке қарай,
Бір жапырақ тартады жерге қарай!..
Бекінгені, белгісіз өкінгені,
(Тіршіліктің желге ұшар жетімдері).
Бір жапырақ бұрады бетін әрі,
Бір жапырақ береді бетін бері.
Ой орманын оңаша аралаймын,
Жазуға бір бауырын жаралы айдың.
Адамзаттың өмірі желге ұшатын
Жапырағына ұқсай ма қарағайдың?
Болашақтан күтемін даналық бір,
Қосатындай тірлікке жаңалық, түр.
Тыныс алып қойнында бабам жатқан
Қара жерден қарағай нәр алып тұр.
Өмір басқа әр түрлі салады ойлар,
Ашылғандай кеудемнен жаңа қайнар.
Тұғырдағы тұрғандай қыранға ұқсап
Қанат жайған жапырағы қарағайлар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауысқан сезімнің сыры мұңға

  • 0
  • 0

Ауысқан сезімнің сыры мұңға,
Өстің бе жоқ, әйтпесе құрыдың ба?
Таласқан бұл тіршілік өтіп жатыр,
Ешкімнің уақыты жоқ бұрылуға.

Толық

Жассың дедің

  • 0
  • 0

Жассың дедің.
я, мен жаспын әлі,
Болам кейде жайлаудың жас құрағы.
Маза бермей күн-түні көкірегімнен –

Толық

Түн түсінер ай мұңын

  • 0
  • 0

Түн түсінер ай мұңын,
Кім түсінер қайғы үнін?
Көзқарас пен кешегі
Сезімімнен айныдым...

Толық

Қарап көріңіз