Табытты қайық, кебінді желкен еттім – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Табытты қайық, кебінді желкен еттім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 821
Алып едiм,
Таудай биiк,
Даладай кең едiм.
Жұлдызы құйылып жатқан
Көк аспанмен тең едiм.
Жауларым
Айтқанына жүргiзiп,
Айдауына көндiрмек болды
Менi өлтiрмек болды.
Ернеуi таудай биiк,
Даладай үлкен
Табыт жасады.
Басымды жерге тигiздi
Үстiме кебiн кигiздi.
Бiрақ мен көнбедiм.
Өлтiрем десе де
Өлмедiм.
Табытты қайық еттiм.
Кебiнiн жыртып
Желкен еттiм.
Тәлкек еттiм.
Әлi күнге мен
Табыт-қайықпен
Жүзiп келемiн.
Кебiнiмдi желкен етiп
Албастыдай өкiрген,
Жындай көпiрген
Арасат толқындарын
Бұзып келемiн.
Е, Тәңiрi,
Жолымды оңғара көр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері