Талап пен атасы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Талап пен атасы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1395
Шiлде келдi,
Алапта
Пiсiп қалды шүйгiн шөп.
Атасы айтты Талапқа:
– Шөп шабуға жүргiн, – деп.
Бармасқа жоқ амалы,
Талап бiрге кетедi.
Қарындағы шалабы
Екеуiне жетедi.
Құлаштай сап бар күшiн,
Атасы шөп шабады.
Сыр-сыр етсе шалғысы
Жал-жал десте қалады.
Қарт шалғысын тартқанда,
Ол шөмеле жасады.
Арбаға шөп артқанда,
Ол үстiнен басады.
Шөлiркейдi күн ыстық,
Əдетi осы Талаптың.
Азын iстеп жұмыстың,
Iшер көбiн шалаптың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері