Бұл бетте «Сағындым, сәулем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Әліби Әбдінұр
Ардағым деп аңсап келемін,
Арманым деп ән сап келемін.
Мақсат емес сенің алдыңда
Байлық пенен мансап дегенің.
Бал бұлақты бойлап келемін,
Бір өзіңді ойлап келемін.
Азап па бұл, мейлі мазақ па,
Бір басымды байлап келемін.
Қайырмасы:
Тыңдашы менің әнімді,
Тыңдашы менің жанымды.
Жаққызып түнгі шамымды,
Атқызып нұрлы таңымды,
Сағындым, сәулем, сағындым.
Туасың ба сыршыл айым боп?
Тұрасың ба биші қайың боп?
Мен өзіңді көзбен көруге,
Жедел жетсем деймін дайын боп.
Аңсап тұрып жолда сен мені,
Күтесің бе сонда сен мені?
Бір өзіңнен басқа ешқашан
Сүймеймін мен онда өзгені.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі