Өлең, жыр, ақындар

Әурешілік

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 654
Бетiн жұлар қарсы келсе беттеп кiм,
Мына заман заманы ма көкбеттiң?!
Салатұғын әуре менен сарсаңға
Өнбейтiн дау, өнбейтiн сөз көп боп тұр.
Жүрегiңде сөнген нұр да, сәуле де.
Сондадағы нан пiсiп тұр кеудеңде!
Бой мен ойы жетпейтұғын iс жасап
Түседi ғой әурешiлiк, әуреге.
Жұлқынады, бiлмесе де бiлем деп.
Ұмтылады қара аспанды тiлем деп...
Қабыршақ мұз бұза алмайтын бұл сорлы
Қара жердi қақ айырып жiбермек!
Күн құшақтап, Айды сипап аймалап, –
Тұрғандай ғой Жер мен Көктi жайлап ап.
Әне бiреу қамшысымен бiр тұтам
Дүниенi алдына сап айдамақ.
Деп ойлайды: маған бәрi табынсын.
Деп ойлайды: маған бәрi жалынсын.
Дауылдарға қарсы салмақ ықтырма.
Қара дауыл ықтырмаңды неғылсын?!
Қыздырады болмас iстiң көрiгiн,
Салады ғой соған жанын, өлiмiн.
Көлденеңнен жатсаңдағы алдыңа
Әурешiлiк тоқтамайды бәрiбiр.
Тоқтамайды! Қойқаң-қойқаң жүр басып,
Сөз сөйлейдi айналаға жын шашып, –
Тау құлатпақ – тасын алып дорбалап,
Өрт сөндiрмек – елекпенен су тасып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ тағдыры

  • 0
  • 0

Қазақтың тағдырын
Ойлап қарасаң
Өз өзiңнен түршiгiп,
Өз өзiңнен тоңасың:

Толық

Қорықта

  • 0
  • 0

Әр әуезi дыбыстың
кетедi ғой желпiнтiп.
Неткен мұнда —
тыныштық.

Толық

Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа

  • 0
  • 0

Біріңді бірің
Жетелегендей болып,
Біріңнен соң бірің
Кетіп қалғандарың-ай!

Толық

Қарап көріңіз