Мезгілімді білгім келіп құлшынып – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Мезгілімді білгім келіп құлшынып» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мезгілімді білгім келіп құлшынып,
Күн сағат қып қадап қойдым бір сырық.
Сол елеусіз бір сырықтың маңында
Шыр көбелек айналады тіршілік.
Уысымнан жылыстайды жыл әр күн,
Сол әр күннің ажарына құмармын.
Жасыл желек секілденіп у жұтып,
Оттегімді, от демімді шығардым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері