Бетін емес, шетін беріп – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бетін емес, шетін беріп» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Бетін емес, шетін беріп,
кетті ме деп өмір ұдай,
аш арыстан секілденіп,
аласұрған көңілім-ай!...
Арғымақ-үн қалды аңырып,
шаң да шықпай тұяқтардан,
өте берді алдап үміт,
алдамайтын сияқтанған.
Қай құдірет бүлдірді өзі,
бөрліктірген кім еді елді, —
қарап тұрып
күннің көзі
қарауытып жүре берді...
Азығындай күнбе-күнгі
кешегі асқақ арманы ұмыт.
... Қайтсем екен бұл көңілді,
айдалада қалған ұлып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері