Қуат жыры – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қуат жыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1404
Еңкiп-еңкiп соққанда
Таудың денесiнен
Тастар бұршақ боп құйылды.
Серпiп-серпiп соққанда
Үзiп жiбердiм
Шынжыр боп шырмалған
Бұғау боп күрмелген түйiндi.
Күрсiнгенiмде –
Күн күркiредi.
Сiлкiнгенiмде –
Жер тiтiрендi.
Хахахулап
Жар салғанымда
Аспандағы бұлттар
Жерге қонды.
Ахахулап
Ән салғанымда
Аспандағы құс бiткен
Көлге қонды.
Еңкейгенге еңкейдiм
Шалқайғанға шалқайдым.
Асқанның орманын
Отындай өртедiм.
Тасқанның көлдерiн
Астаудай төңкердiм.
Қысқанда
Қу ағаштан бу шығардым.
Сыққанда
қара тастан су шығардым.
Атанды асықтай аттым.
Қарсы келгендi
Қазықтай қақтым
Алшайып жүрдiм.
Талтайып тұрдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері