Хабарсыз қалғаның не қамықтырып – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Хабарсыз қалғаның не қамықтырып» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Хабарсыз қалғаның не қамықтырып,
Жанымды жіберсеңші Жарық қылып.
Сен мені жалғыздықпен жазалайсың,
Күйімді көлеңкеде бағып тұрып.

Хабарсыз қалғаның не тiршiлiгiм?
мен әлі күтіп жүрмін білші күнім.
Қандай қиын, гүлдердің қурағаны,
Қандай жақсы, естіген гүл сыбырын!

Хабарсыз қалғаның не аңсағаным,
күндерді сенсіз қалай тауса аламын?
Өн бойыңды өлең боп жылытайын,
Көктемде Күн астында тоңса жаның.... ...

Сағаттар жылжып жатыр үндемедің,
'менсіз-ақ бақытты боп жүр' демегін.
Өртенуге жаралған өмір мынау,
Сағынуға жаралған түн дегенің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері