Ән болып қаласың ба? – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ән болып қаласың ба?» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көрдім мен алғаш рет
Асқар тау арасында.
Жабығып қалмасын деп,
Жасқандым жанасуға,
Даланың гүлі жайнап.
Жанарың аясында,
Жүрдің сен күліп-ойнап,
Ән болып әр асуда.

Қайырмасы:

Өзің болдың аңсағаным,
Ақ жұлдызым көктегі.
Атқан таңды қарсы аламын.
Тауға шығып жар саламын.
Жар саламын, ән саламын.
Әнім саған жетпеді.

Көрдім мен жасыл өлке,
Жасыл көл жағасында.
Тағы да, асыл еркем,
Тауыңа барасың ба?
Жұлдыз боп көгімдегі,
Жарқырап жанасың ба,
Әлдебір көңілдегі
Ән болып қаласың ба?!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері