Көрдім мен – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Көрдім мен» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1862
Көрдім мен, қара көздің от шашқанын,
Құлатқанын кеудеме отты аспанын.
Көрдім міне, жарқылдаған асыл кездік,
Жерде жатып қарайып тот басқанын.
Көрдім мен, қызыл гүлді балбыраған,
Жүрген сонда аралар бал құраған.
Болсын мейлі қанша ма игі жақсы,
Аңсап өтер армандай бар бір адам.
Көрдім мен, өр мінезді шалқақтаған,
Бірақ та жан тұнығын шайқатпаған.
Көрдім мен, ойсыз, мұңсыз, көңілді жан,
Тірлігіне мәз болып шайқақтаған.
Көрдім мен, жаны жалтаң күншілерді,
Күлкіңді емес, тілейтін күрсінгенді.
Өмірге қызық үшін келмедік қой,
Оқшауланар ізінде тұрсын белгі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері