Апаның тілін алса егер… –
Жақан Смақов
Бұл бетте «Апаның тілін алса егер…» атты Жақан Смақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 11.09.2024
- 0
- 0
- 3382
Мезгілсіз жүріп күн бойы,
Мерзіммен тамақ ішпесе,
Демалыс жоқ, күнде ойын,
Мерзіммен суға түспесе,
Қолында мұндай баланың
Күш болмайды, күш десе.
Қолынан мұндай баланың
Іс келмейді, іс десе.
Күн-күн сайын солады,
Шынашақтай болады.
Апаның тілін алса егер,
Тамақ ішсе – іш десе,
Демал десе – демалса,
Суға түссе – түс десе,
Қолында мұндай баланың
Күш болады, күш десе.
Қолынан мұндай баланың
Іс келеді, іс десе!
Шынығып өсіп, толады,
Үлкен жігіт болады!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі