Тентек – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Тентек» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2004
"Тентек су" деп тегін айтпай ел сені,
Өзің жайлы көп шертеді ертегі.
"Мың қарағай" тау арасы қайнарың,
Құлдырап кеп араладың өлкені.
Өткел бермей назаланып, лайланып,
Сенде жоқ-ау момынсыған жәй қалып.
Жақын барса жалмап жұтып қоярдай,
Томсарасың, теріс қарап айналып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері