Нөсерден соң – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Нөсерден соң» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2127
Толғанып күн қабағын түйді қатты,
Зілімен басқандай-ақ гүлді алапты.
Үйіріліп отты жарқыл ойнақ салып,
Қара бұлт ақ жаңбырын құйып жатты.
Көйлегін жер-ананың жуды шайып,
Сәлден соң бұлт ыдырап болды ғайып.
Өрнектеп көк жүзіне түрлі жіптен,
Өрмегін кемпірқосақ қойды жайып.
Мөлдіреп аспан күлді неткен ғажап,
Көбелек ұшып, құстар да кетті сайрап.
"Жақсы екен, шипа нөсер" дегендей-ақ,
Жайды жер кең құлашын бір масайрап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері