Аспан мынау пенделердің дәптері – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Аспан мынау пенделердің дәптері» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аспан мынау пенделердің дәптері,
Оны біреу парақтайды Көктегі!

Көздің жасын, құйып-құйып селдетті,
Жүректерді нұр иiсiмен гүлдеттi!

Табиғатта сөйлемейтін сұлулық,
Тіршілікті жібереді сұлу-ғып!

Аппақ бұлттан құлап жатыр ақ хаттар,
Жазуы жоқ сыбырларды жаттап қал!

Бір Аллаға жарасады бұл-кеңдiк,
Күн көзінен төгіледі көркемдік!

Жапырақтар мың адамның жүрегi,
Сырғаларын сылдырлатып күледi.

Біледі олар қурайтынын түбiнде,
Өмір жайлы, Олең жатыр үнінде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері