Пендеге керектің бәрі бар – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Пендеге керектің бәрі бар» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Пендеге керектің бәрі бар,
әйелмін, баласы, жары бар!
Адам боп жүремін ақылды,
Жан екем жалғанда бағы бар.

Бақытты болуға талпынып,
Ешқашан болмады жарты-үміт.
Түн сайын тілеймін тыныштық,
Күн сайын атады таң күліп.

Қуантқым келеді барлығын,
Өзім боп күледі әр күнім.
Құдай-ау қалайша жүре алам,
жүректің тыңдамай жарлығын?

Жүректің мазасыз шақтары,
жанымды өртейді оттары.
Сенгісіз сезімдер бар онда,
қай кезде тоқтары!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері