Қыс та кетті өртеніп – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Қыс та кетті өртеніп» атты Динара Мәлікова жазған табиғат туралы өлең берілген.

Қыс та кетті өртеніп,
Құшағында көктемнің.
Құлап кетті еркелік,
Қанатына кептердің.

Сәуірдегі армандар,
Мамырлаған таңдар бар!
Жып-жылы түн жүректер,
Жолығыспай қалмаңдар!

Аппақ-аппақ сезімдер,
Қара жердей төзім бер!
Оралмаса сол бір жан,
Үмітімді үзіңдер!

Жапырақтар құлаған,
Сағыныш боп жылаған.
Күлсін десең мұңсыз боп,
Көз алдымда жүр аман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері