Ал, бұлбұл әнім – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ал, бұлбұл әнім» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1774
Біздің жақтың жолықсаң еркесіне,
Қарамайды тоныңның келтесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй.

Жалғыз атын қонаққа кешке сойып,
Жүген ұстап қалады ертесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй.

Ат байладым ақ үйдің кермесіне,
Жастық қайта мен кепіл келмесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй.

Емеуірін еркімен білдірмесе,
Көз салмаймын ешкімнің бермесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері