Жаны жұпар сұлу айым – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Жаны жұпар сұлу айым» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1073
Жаны жұпар сұлу айым,
Сүймеу мүмкін емес еді.
“Шуағыңа жылынайын”,
Айтып қойдым неге соны?
Күйік жұтсам, күрсініп мен,
Жұбатады өлең адал.
Жалыққанда тіршіліктен,
Өзіңді ойлап өле қалам.
Мінезің де ұяң екен,
Дәрменім жоқ жеңілмеуге.
Қалай, қайтып қияр екем?
Тәттісің-ау өмірден де.
Күйік жұтсам, күрсініп мен,
Жұбатады өлең адал.
Жалыққанда тіршіліктен,
Өзіңді ойлап өле қалам.
Мінезің де ұяң екен,
Дәрменім жоқ жеңілмеуге.
Қалай, қайтып қияр екем?
Тәттісің-ау өмірден де.
Қалқа, құсым, қайда аттандың?!
Аманаттап жырыңды ауыр.
Бармағымды шайнап қалдым,
Өлгеніме бұрында бір!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері