Кешір, қалқам

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2040
Кешір, қалқам!
Ағаң бүгін мас тағы,
Аяқталған әңгімесін бастады.
Қасіретін...
Қуанышын...
Ездігін...
Ішіп-ішіп, ішіп-ішіп тастады.
Біріншісін ішті, әрине, сізге арнап,
Өзегінде жанып жатты мұз лаулап.
Екіншісін ішкенімде сезіндім,
Кеткендігін сайқал уақыт бізді алдап.
Үшіншісін, төртін, бесін... жетіні,
Іше бердім...
Іше бердім...
Не түбі...
Жеңілдемей жүрегімнің қайғысы,
Бүтінделмей пиаламның кетігі.
Ішпейсің деп көңілімді жүдетпе,
Басқа өкпеге ұқсамайды бұл өкпе...
Миым тоқтап қалды, қалқам, сүйінші,
Ми тоқтаса еркіндік қой жүрекке!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешір, қалқам өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Кешір, қалқам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кешір, қалқам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешір, қалқам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері