Аяулым менің – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Аяулым менің» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Албырап гүлдей жайнашы, жаным,
Жайнашы менің жанымда.
Тыңдайық бірге құстардың әнін,
Жырлайық бірге тауында.
Қалдың ғой сен де сағынып көптен
Самалды бірге құшайық,
Аққулар жүзген көгілдір көкте
Қалықтап бірге ұшайық.

Қайырмасы:

Тауымның гүлін,
Жанымның нұрын –
Әкелдім саған, аяулым,
Жерімнің нәрін,
Жұпарын, әнін
Әкелдім саған, аяулым!

Келмесең өзің, жүрмесең, жаным,
Тұрады таулар мұңайып.
Тыңдайық бірге аспанның әнін,
Шыңдарға бірге шығайық.
Қалмасын ешбір көңілде қылау,
Күлкіңді сенің сағындым.
Сәні де сенсің өмірдің мынау,
Әні де сенсің жанымның!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері