Іздедім сені – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Іздедім сені» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұстатпай кеткен саусағын,
Сен менің тәтті түсім ең...
Іздедім сені қанша жыл
Қаптаған жұлдыз ішінен.

Қайтсем де саған жетем деп,
Жығылдым қанша орларға.
Алданып көңіл бекерге.
Адастым талай орманда.

Шақырып сиқыр қойнына,
Сүйреді мені күңгірт бақ.
Кей күні балдың рнына
Уландым ессіз уды ұрттап...

Армансыз құрдым, маралым,
Қайтпадым іздеп тапқанша...
Жанымда болсаң – жарадың,
Жұлдызым көктен аққанша.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері