Өлең, жыр, ақындар

Мейрамханада

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1346
Мейрамханаға барып ем демалуға,
Тынысты кең алуға.
Құлақтарым табанда тас бітелді,
Қалғандай бір қапаста қамалуда.
Жарты сағат, бір сағат,
Сағат тағы,
Даңғыр-дұңғыр музыка қабаттады.
Тұманданып тұп-тұнық жанар отым,
Тасыр үндер жүйкені шабақтады.
Тасыр үндер тынымсыз тоқтамады
Ойымды ноқталады.
Есерленген есірік музыканттар
Мың сапырып, миымды ботқалады.
Тоқтамады бір сәт те даңғырлатып,
Сөз айта алмай көршіме,
Қалдым қатып.
Көтерудің орнына көңілімді,
Күйіп-жанып отырдым жанды улатып.
Бұл жастарды шетінен жын ұрған ба?
Жын-періге ұқсады жұлынғанда.
Билемесең, не жөндеп сөйлемесең,
Шулы топтың ішінде құның бар ма?
Айран болып ақылым ашып кетті,
Қан қысымым солқылдап тасып кетті.
Ақырында құлақты басып кеттім,
Бақсылардан біржола қашып кеттім.
* * *
Күтушілер мейманмен санаспай ма?
Майысып, күлімдей қарас қайда?
Келген адам жұбымен дәм-тұздасып,
Сұқбаттысып отырса, жараспай ма?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болашақтың ақынына

  • 0
  • 0

Бейне боп сені де жатар ең,
Жаның сансыз күй теңдеп.
Болмайды енді ешкім Наполеон,
Тумайлы енді ешкім Ньютон боп...

Толық

Ұшқыш

  • 0
  • 0

Кең аспанды шарлаған,
Ұшқыш деген мен болам.
Зымырандай самғаған
Ерен жүйрік ер болам.

Толық

Толық тәртіп

  • 0
  • 0

Көрші үш совхоз маманы
Кеңес құрып мал жайлы,
Өздерінше бағалы
Ақтарды бар мән-жайды.

Толық

Қарап көріңіз