Ақ сауле – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ақ сауле» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тәтті ұйқының құшағында кең дала,
Бұл аймақта ұйықтамаған мен ғана.
Көзім сонда, ал көңілім ел жақта,
Сәулем менің, бар көңілім сен жақта.

Теңіз жатыр көк толқынын сапырып,
Кейде маған ұмтылады атылып.
Көзім сонда, ал көңілім ел жақта,
Сәулем менің, бар көңілім сен жақта.

Ақ саулелер жер бетіне таралып,
Аспан асты келе жатыр ағарып.
Көзім сонда, ал көңілім ел жақта,
Сәулем менің, бар көңілім сен жақта.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері