Өлең, жыр, ақындар

Тоғышар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 624
Адам едi,
адам едi кәдiмгi,
айтатұғын әңгiмеңдi, әнiңдi.
Бiрде мұңлы, ендi бiрде көңiлдi
адам едi,
адам едi кәдiмгi.
Тас түйiндей берiк едi iсiне.
Үлкенге iнi,
ағатұғын кiшiге.
...Ақша менен мүлiк десе жатқызбас
бiр күнi оның құрт түстi кеп iшiне.
Құрт түстi де –
алды оның тынышын,
құрт түстi де –
тарылды оның тынысы.
Сол құрт оның қанағатын жеп қойды.
Аз боп шықты күнделiктi ырысы.
Құрып тастап сiлкiлейдi торларын,
ол құрт ендi жей бастады жан-жағын.
Жұтып қойды оның дiрiл сезiмiн,
жеп қойды оның үмiтi мен арманын.
Қалдырды да қанағатсыз қарынын
жеп қойды оның қарыны мен арынын,
жеп қойды оның Ары менен Ұятын,
жеп қойды оның Жүрегi мен Бауырын.
Мүлiк, мүлiк, мүлiктерге қамалды.
Бәрiн алып,
бәрiнен ол тоналды.
Айырылған соң ұят, ар мен жүректен
қызармайтын боп алды.
Сол құрт ендi бәрiн,бәрiн жапырып,
қылғытты бiр озбырлықпен опырып...
Ой-санасын сол адамның жайлап ап
басын жұтып қойды оның ақыры...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатау батырдың шайқасқа түсер алдындағы сәті

  • 0
  • 0

Алатау батыр
Кеше түнде
Түс көріп еді.
Түсінде

Толық

Кейде жылап жала, мұңға батам мен

  • 0
  • 0

Кейде жылап жала, мұңға батам мен.
Ондай кезде сырласам деп жапанмен
бүкiл болмыс бiтiмiммен осынау
табиғатқа сiңiп бара жатам мен.

Толық

Кім білсін?

  • 0
  • 0

Батырларым жорықтан қайтқанда, –
Ортадан жолдарын тосып,
Алдарынан
Қырық қиылып,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер